Kazmkpu logo

Антикоррупционный сайт КазГосЖенПУ

Мы против коррупции

Жедел байланыс қызметі

+7 (727) 233 18 53
+7 (727) 233 89 16

Хат жазу

29 шілде күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Елбасының бес институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша қабылданған «100 қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру мақсатында ақпараттық топтардың жиналысы болып өтті.

Бұл басқосуға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкері Берік Мырзаұлы Жусупов, Алмалы ауданының аудандық сот төрайымы Қайынжамал Сапарқызы Бубаханова және Қыздар университетінің профессор-оқытушылар құрамы арнайы қатысты.

Жиынды ашқан университет ректоры Динар Жүсіпәліқызы: «Елбасы ұсынған 5 институттық реформа жалпыжұрттық деңгейде бірден қолдау тауып, халықтық реформа деген лайықты атқа ие болды. Бұл жаңа ұлттық жоспардың көкжиегі кең, маңызы мен нәтижесі орасан зор екенін айғақтайды. Қазақ елі күн санап көркейіп, дамып келе жатқаны ақиқат. Елбасының реформалық бағдары және оның орындалу жолындағы тиянақты 100 қадамы еліміздің өсіп-өркендеуіндегі тездеткіш катализатор іспетті. Осы жүйелі жос­парда мемлекет тарапынан халықтың рухани-мәдени дамуына да баса назар аударылған», – деді өз сөзінде.

Президент Н.Назарбаев 5 инсти­туттық реформа негізінде жүзеге асырылатын мемлекетті әрі қарай дамытудың 100 нақты қадамынан құралған Ұлт жоспары Қазақстанның жаһандық және ішкі шақыртуларына, сондай-ақ, жаңа тарихи шарттар бойынша дүние жүзінің озық елдерінің қатарына қосылу жоспарына жауап беретіндігін баса айтқанын атап өткеніміз жөн. Осы жолда жоғары оқу орындарына арналған нақты 7 қадам бар. Бұл Елбасының білім-ғылым, тәрбие саласына бей-жай қарамайтынын айғақтайды.

Осы жиын аясында Алмалы ауданының аудандық сот төрайымы Қайынжамал Бубаханова баяндама жасап, реформалық жүйелі ұлт жоспарлары және 100 нақты қадамның дамуы мен жүзеге асырылуына тоқталып өтті. Жоғары соттың мүмкіндіктері мен жастар әлеуетіне баса назар аударды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкері Берік Жусупов және Қыздар университетінің заңгер-құқықтық жұмыстар жөніндегі менеджері Дәулет Рысқалиев баяндама жасап, осы жоспар жайлы өз ойларын ортаға салды.

Жалпы жиын барысында қатысушылар білім, ғылым саласына кеңінен тоқталды. Білім ұлттың бәсекеге қабі­лет­тілігін арттырудың басты құра­лы болып табы­латындық­тан, университеттердің оқу-әдіс­­темелік жұмысы кешенді түрде дамытылады. Білім беру жүйесінде білім берудің ұлттық үлгісіне өту арқылы білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізетін, әлемдік педагогиканың озық үлгі­лерін жаңашылдықпен дамытатын кәсіби құзыретті ұстаз дайындау жолға қойылады.

Жетпіс сегізінші қадамда көрсетіл­гендей, «Назарбаев Университет тәжірибесін ескере отырып, ЖОО-лардың акаде­миялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңімен кеңейту. Коммерциялық емес ұйымдардағы жекеменшік ЖОО-ларын халықаралық тәжірибеге сәйкес трансформациялау» мәселелері ұрпақ мүддесі үшін аса құнды. Сондай-ақ, 79-қадам нақтыланғандай, «Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсаты – даярланатын кадрлардың бәскелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру. Осы бағытта Қыздар университеті барынша қызмет атқаратын болады. Дегенмен, қалған қадамдар бізге қатысты емес деп айта алмаймыз. Себе­бі, олардың ішінде тікелей әрі жана­ма түрде университеттерге міндет­телген жүк­те­мелер өте көп. Бұл ЖОО-лардың бәсекеге қабілетті күшті мемлекет­тердің қатарына кіруде басты рөл атқаратындығын білдіреді. Сондықтан, халықтық реформаның адам капиталына, білім беру мәселесіне, ұлт әлеуетін арттыруға тигізетін әсері өлшеусіз деуге толық негіз бар.

Ұлт жоспарының 87-қада­мын­да «Азамат­тық біртектілікті нығайтудағы «Менің елім» ұлттық жобасын әзірлеу туралы айтылып, әрбір азаматқа және шетелдік саяхатшыларға ел туралы білуге көмек­тесу» жөнінде айтылған. Осы орайда, біз шетелдік қонақтармен байланыс жасау­да еліміздің әрбір азаматы Қазақстан туралы өте жағымды әрі нанымды көзқарас қалыптастыру бағытында жұмыс істеуіміз керек.

Мемлекет басшысының сарабдал саясатының нәтижесінде біз дағдарыстан дамуға, яғни қиын-қыстау уақытқа қарамастан көркейіп гүлдену жолындамыз. Салмақтың жиынның түйіні – осы болды.

«Қыздар университеті»

медиа орталығы

 (727) 279 38 05