Kazmkpu logo

Антикоррупционный сайт КазГосЖенПУ

Мы против коррупции

Жедел байланыс қызметі

+7 (727) 233 18 53
+7 (727) 233 89 16

Хат жазу

19 маусым күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің педагогика-психология мен өнер және мәдениет факультеттеріне «ішкі еңбек тәртібінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталу мәселелері: құқық қолдану тәжірибесі» тақырыбы бойынша жиын болып өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – университет деңгейінде ішкі еңбек тәртібінің сақталуы және құқық бұзушылықтардың алдын алу сұрақтарын қарастыру. Жиынға Ректор Аппаратының жетекшісі С.Айнақұлов, бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің заңгер-құқықтық жұмыстар жөніндегі менеджері Д.Рысқалиев, Ректор Аппарат жетекшісінің орынбасары М.Ізбасар арнайы келіп, құқықтың заңдық негіздері тақырыбында ойларын ортаға салып, ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің сауалдарына жауап берді.

Сондай-ақ, оқу үдерісі жөніндегі бөлім басшысы Н. Әшкеева оқу сапасы жөнінде, Тәрбие жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Ұ. Тоққулиева тәрбие жұмысы туралы баяндама жасап, тақырып аясында өзекті мәселелерді тілге тиек етті.

Ректор Аппаратының жетекшісі Санат Жұмабайұлы: «Университеттің материалдық-техникалық базасы түбегейлі жаңартылды. Ең соңғы заманауи технологиялық, лабораториялық құрал-жабдықтар алынды. Оқу үдерісін оңтайландыру және заманауи технологияларды қолдану бағытында «Универ» жүйесі енгізілді. Университет халықаралық арнайы мамандандырылған аккредитациядан 5 жылға өтіп Қазақстандағы халықаралық аккредиттен өткен бірнеше ғана жоғарғы оқу орнының қатарын толықтырды. Қыздар университеті Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының арасындағы рейтинг топтамасында 7 орынға ие болды. Бұл университет ректорының бастамашылдығымен атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі деп санаймын», – деп университеттің жетістіктерін де атап кетті.

Жалпы университет деңгейінде 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап, 370-ге жуық ішкі нормативтік актілер қабылданған. Осы нормативтік актілердің қабылдануына біріншіден, университет деңгейінде бұрын соңды мұндай ережелердің-нұсқаулықтардың болмауы, екіншіден, соңғы кезде жиі орын алатын заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар себеп болды.

Ішкі еңбек тәртібін қамтамасыз ету бағытында іс-шаралардың ұйымдастырылуы, олардың одан әрі жетілдірілуі бойынша университет ректоры Динар Жүсіпәліқызымен тиісті тапсырмалар беріліп, сол бағытта көптеген жұмыстар атқарылды және атқарылуда. Бұл туралы мағлұматты Ректор Аппарат жетекшісінің орынбасары Ізбасар Серікұлы кеңінен қамтыды.

«Қыздар университеті»

медиа орталығы

8 (727) 279 38 05