Kazmkpu logo

Антикоррупционный сайт КазГосЖенПУ

Мы против коррупции

Жедел байланыс қызметі

+7 (727) 233 18 53
+7 (727) 233 89 16

Хат жазу

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 12 қазан күні «Ұлағат» бастауыш партия ұйымы мен Студенттік Омбудсмен студенттерінің ұйымдастыруымен Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жастарға үгіттеу мақсатында «Сенің білімің – сенің болашағың» және «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты іс-шара өткізілді.

Университет омбудсмендері мен 100 қыздан құрылған 6 факультеттің белсенді 1-курс студенттері атсалысты. Әр студент болашаққа жетелер «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жастарға түсіндіру жұмыстарымен айналысты. Білім мен ғылымға жетелер қадамдар қатысушылар көңіліне болашаққа деген сенім ұялатты. 79-қадамда Елбасымыз жастарға, әсіресе болашақ педагог мамандарына: «Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсаты – даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру» қажеттігін басып атап, нақты тапсырма жүктеген. Қазірде Қыздар университетінің студенттері заман талабымен қатар жүзіп, студенттері ағылшын тілін меңгеруге күш салып келеді. Бұл Қыздар университеті студенттерінің Елбасы тапсырмасын жүзеге асыруда қосқан үлестерінің бірі деуге болады.

Ел дамуындағы бес институционалды реформаны жүзеге асыруда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алар маңызы зор. Ұлт жоспарының екі басты мақсаты бар. Біріншісі – Қазақстанның 2050 жылға дейінгі әлемнің 30 дамыған елінің қатарына кіруі. Екіншісі – Экономикалық серіктестік пен даму Ұйымына мүше мемлекеттердің стандарттарын жүзеге асыру. Бұл әл-ауқаты күшті мемлекеттердің қатарына біздің Қазақстан да енуге ұмтылу жолында екенінің айқын дәлелі. «100 нақты қадам» жоспарын жүзеге асыруда жастарға қатысты

Сондай-ақ, 85-қадамда айтылған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу. Мемлекеттің мәңгілік болуының алғы шарттарының бірі – ұлттығымызды сақтау болса, сол ұлттығымыздың қайнар бұлағы болып табылатын рухани мұраларымызды сақтау, оларды насихаттау, ел игілігіне жарату мақсатында жастарға ұлттық дәстүрді насихаттау. Сонымен қатар елімізді мәңгілік елге айналдыру үшін париот жастарды тәрбилеу, ата-бабаларымыздың қанымен келген тәуелсіздіктің тарихын жастардың бойына сіңіру және бәсекеге қабілетті 3 тілді меңгерген жастарды тәрбиелеу біздің, яғни Қыздар университетінде оқитын болашақ педагогтардың басты мақсаты болып табылады.

Студенттер 10 санын жазып, ақпараттық тақтаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендіктерін білдіріп, арнайы суреттер салып, өз құқықғын қорғауға шақырды. Жең ұшынан жалғасқан сыбайластық жақсылыққа апармайтынын білетін арулар ашық қоғамды қалыптастыруға әрбір адам атсалыса алатынын жеткізді. Жастар ел болашағын тәрбилейтін педагог маман ретінде өздеріне міндеттелген тапсырманы бұлжытпай орындауға, Қазақстанды әлемнің озық мемлекетінің қатарына енгізуге 100 нақты қадамдағы жүз тапсырманы орындау арқылы жететіндіктеріне күш салатынын уаде берісті.

Салтанат ӘБДІЖАППАРОВА,

Студенттік омбудсмен төрайымы