Kazmkpu logo

Антикоррупционный сайт КазГосЖенПУ

Мы против коррупции

Жедел байланыс қызметі

+7 (727) 233 18 53
+7 (727) 233 89 16

Хат жазу

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Ұлағат» бастауыш партия ұйымы мен Студенттік омбудсменнің ұйымдастыруы бойынша «Жастар жемқорлыққа қарсы!» атты дөңгелек үстелі өткізілді.

Шараға «Ұлағат» бастауыш партия ұйымының төрайымы М.Б.Ахтаева, Ректор аппараты жетекшісінің орынбасары М.Ізбасаров және факультет старостолары қатысты.

«Жемқорлық – қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселе. Бүгінгі жиынға арнайы топ старосталарын шақырып, осы мәселені талқылаудағы басты мақсатымыз – қоғамының белсенді азаматтарына пара беру немесе алудың қоғамды дамытпайтындығын, ол болған жерде сапа болмайтындығын түсіндіру. Бүгінгі жиыннан кейін топбасшылары студенттерге айтады. Осылай жастар өздерін-өздері құлақтандырып, сауаттандыруға атсалысатын болады», – дейді Студенттік омбудсмен төрайымы Салтанат Әбдіжаппарова.

Дөңгелек үстелді өткізу барысында Ректор аппараты жетекшісінің орынбасары Мейірбек Серікұлы: «Жемқорлық – ғасыр дерті. Жемқорлық болған жерде қоғамның алға жылжуы шектеледі. Біз студент жастармен біріге отырып жемқорлықты жоюдың амалын емес, жемқорлықты болдырмаудың жағдайын қарастыруымыз қажет. Сонда ғана еңсесі биік, «Мәңгілік елге» айналамыз», – деп студенттерге заңдық тұрғыдан ақпарат берді.

Жиында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы таныстырылды. Жалпы ережелер мен баптар туралы ақпарат беріліп, студенттерді азаматтық тұрғыда заң талаптары мен ережелерін білуге, әрдайым жадында ұстауға ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізілді. Студенттік омбудсмен мүшелері жастарды патриоттыққа шақыру мақсатында дайындаған «Мәңгілік ел» идеясы-жастардың жарқын болашағы», «100 нақты қадамды» жүзеге асыруда жастардың рөлі» атты тақырыптар өзара талқылап, білімді, кәсіби шыңдалған мамандар қоғамды дамытатындығы айтылды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Сендердің білімдерің – ол сендердің еңбектеріңнің нәтижесі. Сендер өздігінен білім алуға неғұр­лым көбірек еңбектенсеңдер, соғұрлым көбірек білетін боласыңдар» деп жастарды талаптандырады. Жастар сапалы білім алып, өз білімдерін тәжірибемен ұштастырып, қабілеттерін танытып отырса және ешжерде ешкімге пара беруді, сондай-ақ біреуден пара алуды ойламағанда біз адал азаматтардан құралған қоғамды орната аламыз.

Ректор аппараты жетекшісінің орынбасары М.Ізбасарұлына студенттердің көкейінде жүрген сұрақтар қойылып, студенттер көңілін толықтырар жауаптар алды. Жиын соңында Студенттік омбудсмен мүшесі Айнұр Бақытжан жастарды жемқорлыққа қарсы бірге күресуге шақыра отырып, өз шығармашылығынан «Жемқорлыққа қарсы жастар» атты өлең шумақтарын жолдады.

Салтанат ӘБДІЖАППАРОВА,

Студенттік омбудсмен төрайымы