Kazmkpu logo

Антикоррупционный сайт КазГосЖенПУ

Мы против коррупции

Жедел байланыс қызметі

+7 (727) 233 18 53
+7 (727) 233 89 16

Хат жазу

«Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және тәртіптік істерді қарау туралы» Кеңес құрамы:

Aliev BahodirӘлиев Баходир Азимджонұлы  - Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және тәртіптік істерді қарау туралы Кеңес төрағасы, Бірінші проректор 

А.Навои атындағы Самарқанд мемлекеттік университеті

Мамандығы - Теоретикалық физика

Техника ғылымдарының кандидаты

Алиев Баходир Азимджонұлы 1972 жылы Өзбекстан Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Самарқанд қаласында дүниеге келді. 1985 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласына көшіп келді, 1989 жылы Пушкин атындағы №7 орта мектебін бітірді. 1994 жылы А.Навои атындағы Самарқанд мемлекеттік университетінің физика факультетін бітірді. 1994 жылдан бастап 1995 жылға дейін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің экология факультетінде машықтанушы оқытушы болып жұмыс істеді. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде физика факультетінің қатты дене физикасы кафедрасының аспирантурасына түсті. 1999 жылы жоғары аталған кафедраға аға оқытушы болып жұмыс атқарды. 2000 жылдан бастап физика факультетінің тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары болды. 2000 ж. «Процессы накопления радиационых точечных дефектов в мелкодисперсных металлических средах» атты тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылыми академигі Ш.Ш.Сарсембинов және физика математика ғылымының докторы Ю.А. Зайкинаның басшылығымен кандидаттық диссертация қорғап шықты. 2002 жылдың қаңтар айынан 2006 жылға дейін физика факультетінде оқу ісі жөніндегі декан орынбасары болып жұмыс атқарды. 2008 жылдан бастап ҚазҰУ-де физика факультетінің қатты дене физикасы кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2010 жылдан бастап 2012 жылға дейін ҚазҰУ-дың физика факультетінің деканы болып тағайындалды. 2010 жылы «Кинетика накопления радиационных точечных дефектов в дисперсных металлических средах и полимерах» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғап шықты.

2012-2013 оқу жылында ҚазҰУ-дың физика факультетінің қатты дене физикасы және сызықты емес физика кафедрасының профессоры болды.

Бүгінгі күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бірінші проректоры болып қызмет атқаруда.

 

pervyi prorektorТойбаев Әділет Жүнісұлы - Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және тәртіптік істерді қарау туралы Кеңес мүшесі, Оқу ісі жөніндегі проректор 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Мамаңдығы – Қазақстан тарихы

Педагогика ғылымдарының кандидаты

1999 жылы Талдықорған қаласындағы №24 «Экономика және бизнес» мектеп-лицейін тәмәмдап, 2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих факультетін «Қазақстан тарихы» мамандығы бойынша диплом алды. Осы жылы аталған университеттің жалпыуниверситеттік «Жалпы және этникалық педагогика» кафедрасына қарасты 540350-Педагогика мамандығы бойынша магистратураға қабылданды. 2005 жылы «Орта мектепте тарихи білімнің мазмұнын жобалау» тақырыбы бойынша магистрлік диссертация қорғап, магистратураны үздік аяқтады. Магистратура дипломымен, «130001-Жалпы педагогика, педагогика тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша аспирантураға оқуға қабылданды.

Білім алу барысында педагогика саласы бойынша теориялық білімін жинақтап, педагогикалық практиканы сәтті жүзеге асырды.

2009 жылдың екінші желтоқсанында «Жалпы білім беретін орта мектептерде оқушы тұлғасын дамытудағы ойын технологиясының теориялық негіздері (Қазақстан тарихы пәні мысалында)» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты.

2009 жылдың наурыз айынан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің Әдістемелік бөлімін басқарды. 2011 жылы Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің директоры болып ауыстырылды.

2011 қазан айында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Оқу-әдістемелік басқарма (Академиялық мәселелер жөніндегі департамент) бастығы қызметіне тағайындалды. Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылдың 10 қаңтарындағы №1 Бұйрығына сәйкес Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Оқу ісі жөніндегі проректоры қызметіне тағайындалды.

Қазіргі уақытта негізгі қызметімен қатар, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 5В010300-Педагогика және психология мамандығына «Педагогика» пәнінен, 6М010300-Педагогика және психология мамандығына «Білім беру саласындағы педагог-ұйымдастырушы, менеджер» пәнінен магистранттар мен студенттерге дәріс оқиды.

Біліктілігін арттыру мақсатында алыс және жақын шетелдерде жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарынан маман даярлау сапасын арттыруды қамтамасыз ету және білім деңгейін жетілдіру мақсатында үнемі курстардан өтіп тұрады.

 

Рыскалиев Д.УРыскалиев Даулет Уразгалиевич – Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және тәртіптік істерді қарау туралы Кеңес мүшесі, Заңгер-құқықтық жұмыстар жөніндегі менеджер

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Маманыдығы - Құқықтану

1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Заң факультетін бітірді. 70-тен астам ғылыми еңбектердің авторы. «Қан мен оның компоненттерiнiң донорлығы туралы» және басқа да заң актілерінің жобаларын дайындауға қатысқан. 2005 жылы Қазақстан Республикасының Конститутциясына 10 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылған ең үздік ғылыми жоба байқауында Д.У. Рыскалиевтің «О конституционных правах человека и гражданина на обращения» атты ғылыми жұмысы ең үздік деп танылды.

2003 жылдан 2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ұлттық Энциклопедиясын құрастыруға қатысқан. 2005 жылы Қазақстан Республикасыныңы Конституциясына 10 жыл – мемлекеттік медалімен марапатталған. 2013 жылы ұлттық бизнес рейтинг агенттігімен «2013 жылдың Маманы» ұлттық сертификатымен, 2014 жылы – «Юстиция органдарының үздігі» төсбелгісімен марапаталған. 2015 жылы ұлттық бизнес рейтинг агенттігімен «2015 жылдың Маманы» ұлттық сертификатымен марапатталған. 

 

6f08Jp00EzUБитешов Хабит Кустутинович – Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және тәртіптік істерді қарау туралы Кеңес мүшесі, Өндірістік және материалдық-техникалық  мәселелер жөніндегі басқарма басшысы – бас инженер

Алматы сәулет-құрылыс институты

Мамандығы –  өндірістік және азаматтық құрылыс 

1960 жылы 02 ақпанды Алаты облысы Жамбыл ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Алматы қаласы № 4 мектепті бітірген.  

Битешов Хабит еңбек жолын Алматы облысы Жамбыл ауданы, Амангелді атындағы қой совхозында қарапайым жұмысшыдан бастаған. 

Әскер құрамында қызмет атқарған соң, Алматы қаласы сәулет-құрылыс институтына «өндірістік және азаматтық құрылыс» білім алып, 1987 жылы бітірген.

Институтты бітірген соң, құрылыс саласында смета бойынша инженер, прораб, жетекші маман, құрылыс басқармасының басшысы және жетекші инженер болып қызмет атқарған.

2013 жылдың тамыз айынан бастап Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Өндірістік және материалдық-техникалық  мәселелер жөніндегі басқарма басшысы – бас инженер болып қызмет атқарып келеді.

 

Фото Р.Н.Бегайдаровой 1Бегайдарова Райхан Нургисаевна – Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және тәртіптік істерді қарау туралы Кеңес мүшесі, университет кәсіподақ ұйымының төрайымы

Алматы халық шаруашылық институтының түлегі

Мамандығы - Экономика

Бегайдарова Райхан Нұрғисақызы Талдықорған облысы, Панфилов ауданы, Қоңыр-Өлең ауылында 1956 жылғы желтоқсан айының 2 жұлдызында дүниеге келді. Білімі жоғары, Алматы халық шаруашылық институтының «Экономика» мамандығын 1975-1979 жыл аралығында тамамдады.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында 2000-2002 жыл аралығында канцелярия меңгерушісі қызметін атқарды.

2002 жылдын қыркүйек айынан «Экономика және менеджмент» кафедрасында оқытушы,  2003 жылы аға оқытушы.

2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін  «Құқық және басқару негіздері» кафедрасында аға оқытушы ретінде  жұмыс атқарады.

Бегайдарова Райхан Нұрғисақызы университеттің кәсіподақ ұйымының төрайымы. 

 

bagasharovaБағашарова Бақытжамал Тельманқызы -Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және тәртіптік істерді қарау туралы Кеңес мүшесі, Ғылыми кітапхана директоры

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты

Мамандығы - кітапханашы және библиограф

Б.Т. Бағашарова 1959 жылы 12 желтоқсанда Алматы облысы Райымбек ауданы Жылысай елді мекенінде дүниеге келді.

1977-1981 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының «Кітапханатану және библиография» факультететінің кітапханашы және библиограф мамандығын бітіріп, 1981-1983 жылдары Райымбек ауданының М.Горький атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі.

1983-1993 жылдары арасында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогоикалық институтының ғылыми кітапханасында библиограф, аға кітапханашы, бас библиограф, сектор меңгерушісі болды.

Өзінің іскерлік қабілетінің арқасында білікті маманы ретінде 1993-2001 жылдар аралығы осы университеттің «Кітапханатану және библиография» кафедрасына аға оқытушы болып тағайындалды.

2001-2007 жылдар аралығында (бұрынғы НарХоЗ) Тұрар Рысқұлов атындағы экономикалық университетінің ғылыми кітапханасының директоры.

2007-2008 жылдары осы университеттің кітапханатану және библиография кафедрасына аға оқытушы.

2008-2012 жылдар аралығында Алматы Технология университетінің ғылыми кітапханасының директоры.

2013 жылдың қаңтар айынан, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасына директоры  қызметін атқарады.

 «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері.

Республикалық кітапханалар ассоциациясының есептік комиссиясының мүшесі. 

 

darmenКалиев Серик Акрамович –Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және тәртіптік істерді қарау туралы Кеңес мүшесі, «Қыздар университеті» баспасының директоры

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

Мамандығы – қазақ тілі мен әдебиет пәніннің мұғалімі, филолог.

Қалиев Серік Акрамұлы 1972 жылы 24 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында (бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы) дүниеге келген. Алматы қаласындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын республикалық мектеп-интернатының түлегі. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетін, магистратурасын тәмамдаған. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Республикалық ақындар айтысының жүлдегері. «Толқыннан толқын туады», «Жас ақындар антологиясы» жыр жинақтары мен «Жыр маржан» атты 10 томдық позия антологиясына топтама өлеңдері енген. «Көзайым» (2007), «Уақыт керуені» (Атамұра, 2012) өлең кітаптарының авторы. Отызға тарта танымал әндердің өлеңдерін жазған. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Студенттер клубының директоры, Қазақ радиосында бөлім бастығы, «Атамұра» корпорациясында аға редактор қызметтерін атқарған. Қазір Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Қыздар университеті» баспасының директоры.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері төсбелгісімен марапатталған.

 

Шенгелбай АидаШеңгелбай Аида Айдынбекқызы – Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және тәртіптік істерді қарау туралы Кеңес хатшысы

Туған жылы: 28.12.1980 ж.

Mамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті, педагогика және психология мамандығы бойынша магистр.

Білімі жоғары, Қазақ мемлекетік қыздар педагогикалық университеті.

Қызметі: Оқу үдерісі бөлімінің маманы

ұялы тел.: +7 775 134 57 50

жұмыс тел.+7 (727) 233 18 37 (ішкі 4055)

E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

pdf document Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және тәртіптік істерді қарау бойынша кеңес

pdf document Жауапты лауазымды тұлғаларға жүгіну туралы ЕСКЕРТПЕ