Kazmkpu logo

Антикоррупционный сайт КазГосЖенПУ

Мы против коррупции

Жедел байланыс қызметі

+7 (727) 233 18 53
+7 (727) 233 89 16

Хат жазу

Елбасымен бекітілген «5 институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарын іске асыру бағытында Қазақстан Республикасы Парламентімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген елу тоғыз жаңа заңдар 2016 жылдың 1-ші қантарында өз күшіне енді. 

Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы Күлия Әбілқақова төрағалығымен Қазақ мемлекеттік педагогика университетінің құқықтық менеджері Дәулет Рысқалиевтің қатысумен және Алмалы әкімі аппаратының қызметкерлерінің қатысуымен Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратында үш заңға қатысты дөңгелек үстел өтті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Заңы, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы, Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V.